Мәдениет және спорт министрі Данияр Елеусіновты құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Данияр Елеусіновты құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Данияр Елеусіновты құттықтады
ашық дереккөзі
Бүгін барша қазақ халқы Данияр Елеусіновтың Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың жеңімпазы атануына байланысты қуанышты көңіл-күйге бөленіп отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық бокс құрамасының капитанын барша спорт қауымдастығы атынан құттықтады. Өз құттықтау хатында министр Данияр Елеусіновтың жеңісі еліміздің миллиондаған азаматтары үшін қуанышты сәт болғандығын атап өтті: «Құрметті Данияр Маратұлы! Қазақ елінің төл спортына айналған бокстан Олимпиада чемпионы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңісіңіз Сіздің күшіңіз бен шеберлігіңізге сенген еліміздің миллиондаған азаматтары үшін қуанышты сәт болды. Бүкіл әлем халқының алдында аты әйгілі қарсыластарыңызды тізе бүктіріп, шын мықтылығыңызды мойындата білдіңіз. Ал, біз Сіз сияқты батырларымыздың арқасында шынайы мақтаныш сезіміне бөлендік. Сіз секілді жүректі, білекті азаматтарымыз барда Қазақстанның әнұраны барша адамзаттың алдында әлі талай рет шырқалып, туы көкке көтерілетініне нық сенімдімін. Қазақ халқының дара ұлдары бастаған команда әрқашан тек жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын», - деп жазды хатында Арыстанбек Мұхамедиұлы.