Роналду "Реал Мадридке" қайтып бармақ

Роналду "Реал Мадридке" қайтып бармақ

Роналду "Реал Мадридке" қайтып бармақ
ашық дереккөзі
Marca агенттігі Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Мадридтік "Реалға" оралуды ойға алды деп хабарлайды. Бұған дейін "Ювентус" пандемия дағдарысына байланысты жалақы мөлшерін төмендетуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Алайда "Реал Мадридтің" Роналдуды қайтаратын ойы жоқ сыңайлы. Естеріңізге сала кетейік, Роналду 2018 жылдың жазында "Ювентусқа" ауысты. Тоғыз жыл ішінде "Реал Мадрид" сапында төрт рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды, екі рет Испания чемпионы, кубок және ел Суперкубогының иегері болды.