23 жасар Петропавл тұрғыны тірідей өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 23 жастағы Петропавл тұрғынының қайғылы қазасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ер адам достарымен кездесуден кейін қайтыс болған.

Полицейлердің мәліметінше, СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы жеке үйлердің бірінде бес жас жігіт басқосу ұйымдастырыпты.

Таңертең 23 жастағы ер адам от жағатын бөлмеге темекі шегуге шығып, сол жерде отқа оранған.

«Кешке қатысушылардың айтуынша, 19 қараша күні таңертең ол от жағатын бөлмеге темекі шегуге шыққан. Біраз уақыттан кейін ол сол жерде жанып кетті. Өртті сөндірген достары жедел жәрдем шақырған. Жігіт аудандық ауруханаға қатты күйікпен жеткізілді. Кешке ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button