Грузиядағы парламент сайлауының қорытындысы жарияланды

Грузиядағы парламент сайлауының қорытындысы жарияланды

Грузиядағы парламент сайлауының қорытындысы жарияланды
ашық дереккөзі
Кеше Грузиядағы парламент сайлауының екінші туры аяқталды. Биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары бір мандатты 17 округтың барлығында жеңіске жетті. Бұл туралы Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ссілтеме жасап Новости-Грузия хабарлады. Сайлауда 2,1 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие болды. Олар үшін 2 мыңға жуық дауыс беру учаскелері ашылды. Учаскелер жабылатын күні келушілердің саны 26,29%-ды құрады. Дауыс беру күні елдің 562 664 азаматы өз таңдауын жасады. Сайлаудың екі турының қорытындысы бойынша «Грузин арманы» X шақырылған Парламентте 150 мандаттың 90-ына ие болады. Қалған 60 орынды «Күш бірлікте», «Еуропалық Грузия», «Лело Грузия үшін», «Патриоттар альянсы», «Агмашенебели стратегиясы», «Гирчи», «Азаматтар» және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиялары өзара бөліседі.