Головкиннің 2021 жылғы алғашқы қарсыласы кім?

Головкиннің 2021 жылғы алғашқы қарсыласы кім?

Головкиннің 2021 жылғы алғашқы қарсыласы кім?
ашық дереккөзі
The Athletic басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 2021 жылғы алғашқы қарсыласы кім болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды  Sports.kz. «Головкин әлем чемпионы атағын тағы бір қорғағаннан кейін, Саул Альварес, Джайме Мунгия, Билли Джо Саундерс немесе Дэниэл Джейкобспен тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Олардың бәрі 2021 жылдың бірінші жартысына арналған ықтимал қарсыластар», – деп жазады The Athletic. Еске сала кетейік, Головкин бұған дейін «Канело» және Джейкобспен жекпе-жекке шыққан: «Канеломен» алғашқы жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталды, ал рематчта Геннадий төрешілердің көпшілік даусының шешімімен жеңіліп қалды. Ал Джейкобспен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Головкин жеңімпаз деп шешкен болатын.