Жылдың ең үздік өнертабысы анықталды

Жылдың ең үздік өнертабысы анықталды

Жылдың ең үздік өнертабысы анықталды
ашық дереккөзі
Әлемге әйгілі Time журналы 2020 жылдың қорытындысын жасай бастады. Басылым биыл жарық көрген ең үздік 100 өнертабыстың тізімін жасады. Тізім журнал сайтында жарық көрді. Рейтингті жасауға басылымның әлемнің түкпір-түкпіріндегі редакторлары мен журналистері қатысқан. Қатысушылардың өтініші онлайн қабылданып, әр өнертабыс бірнеше критерий, атап айтқанда, баламасының болмауы, тиімділігі және индустрияға ықпалы бойынша бағаланған. Сайтта өнертабыстар тақырыптар бойынша іріктелген – экология, денсаулық, гаджеттер және басқалары. Тізімге ауадан жасалған арақ, жаңа ойын консольдері, «тірі қабырға» және өзге де қызықты жаңалықтар енген. Назар аударарлық өнертабыстар қатарында жалғыздықпен күресуге арналған робот-ит, үй планетариі, жаттығуға арналған виртуалды шындық көзілдірігі, тіс пастасының экологиялық қаптамасы және болашақта коронавирусқа қарсы вакцина катализаторына айналуы мүмкін технология бар. Ал бас жүлде, яғни 2020 жылдың ең үздік өнертабысы атағы омырау рагы диагностикасына арналған шағын құрылғыға бұйырды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлыбританиялық Collins Dictionary сөздігі 2020 жылы ең жиі қолданылған сөзді анықтаған еді. Сарапшылар биыл 250 мың мәрте қолданылған «локдаун» сөзін жыл сөзі деп жариялады.