Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды
ашық дереккөзі
Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін премиясына режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасындағы трюктер қойылымындағы жұмысын ұсынған. Nomad Stunts  командасы үшін бұл сыйлық өте маңызды және құнды. «Таурус» премиясы жыл сайын әлемнің ең үздік экшн-мамандарын анықтайды. Біз түскен фильм Қазақстан тарихында алғаш рет осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтаныш тұтамыз, – деді Жайдарбек Күнғожинов. Еске сала кетсек, «Таурус» – кинодағы үздік трюктерді анықтайтын Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) жыл сайынғы премиясы.