Жаңалықтар

Көлік комитетінде 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтары анықталды

ашық дереккөзі

Көлік комитетінде 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтары анықталды

Есеп комитеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінен 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтарын анықтады. Бұл туралы бүгін Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов мәлім етті. «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетіне бөлінген республикалық бюджеттің қаражаттарының жұмсалуына аудит жүргізу барысында 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтары анықталды», - деп атап өтті ол. Оның сөзі бойынша, көлік комитеті ҚР ИДМ стратегиялық жоспарындағы бірқатар шараларының сапалы және уақытылы атқарылуын қамтамасыз етпеген. «Мысалы, Шүлбі шлюзінің құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс болған. Ол қазіргі уақытқа дейін пайдалануға берілмеді, құрылыс жұмыстары тек 80 пайызға атқарылған», - деді Горяинов. А. Горяиновтің сөзі бойынша, «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның шығындары 9 млрд теңгеге артқан. Оның үстіне 2016 жылдың алты айында компанияның шығыны 4 млрд теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар Алматы метросын ұзартуға бөлінген 519 млн теңге қаражат басқа нысанның 2004 жылғы қарызын жабуға жұмсалған. 2015 жылы метроны ұзартуға қатысты құрылыс жұмыстарына Алматы қаласының 437 млн бюджеттік қаражаты тартылмаған. Сонымен қатар Орал өзенінің түбіне батып кеткен қайықтардан тазарту жұмыстарын да сапасыз жасалған.