«Жабайы Роза», «Байлар да жылайды» сериалдарының актрисасы қайтыс болды

«Жабайы Роза», «Байлар да жылайды» сериалдарының актрисасы қайтыс болды

«Жабайы Роза», «Байлар да жылайды» сериалдарының актрисасы қайтыс болды
ашық дереккөзі
 «Жабайы Роза» («Дикая Роза», 1987-1988 ж.), «Байлар да жылайды» («Богатые тоже плачут», 1979-1980 ж.) мексикалық сериалдарының жұлдызы, актриса Малени Моралес  қайтыс болды. Бұл туралы Мексиканың Ұлттық актерлер ассаоциациясы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.  width= Тоқсаныншы жылдары отандық телеарнадан бірнеше рет көрсетілген бұл мексикалық сериалдардың қазақстандық көрермен үшін кеңінен танымал болғаны белгілі. Ол кезде қазіргідей телеарна да көп емес, киносериалдардың да аз кезі. Аталған сериалдардан бөлек, Малени Моралес «Камила» (1998-1999 ж.), Махаббат бәсі («Ставка на любовь», 2004-2005 ж.) секілді телехикаяларға түскен. Актрисаның нақты неден қайтыс болғаны айтылмайды. Бірақ бір жыл бұрын өкпе обырынан айыққаны туралы мәлім болған.