Украиналық шенеуніктер Қазақстанға жалған ПТР-анықтамамен келіп, Асқар Маминмен кездеспек болды

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды.

Украиналық шенеуніктер Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминмен және басқа да министрлермен кездесуге келген.

Жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу үшін регламент бойынша шетелдік қонақтардан міндетті түрде коронавирус індетіне шалдықпағаны туралы ПТР-анықтама талап етіледі.

«Криклий и Врублевскийдің мұндай анықтамасы болған. Алайда Қазақстан премьер-министрінің протоколы екі министрдің де (елші министр дәрежесіне ие) анықтама қағазы жалған екенін анықтаған. Бұдан кейін кездесу өткізілмейтін болды»  деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, бұл келеңсіз жағдайдан кейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль қарамағындағы шенеуніктердің әрекеті үшін Асқар Маминнен кешірім сұраған.

Фотода Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский © Sputnik.

Back to top button