Нұр-Сұлтанда 80 млн теңгеге мұз қалашығы салынбақ

Нұр-Сұлтанда 80 млн теңгеге мұз қалашығы салынбақ

Нұр-Сұлтанда 80 млн теңгеге мұз қалашығы салынбақ
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық әкімшілігі мұз қалашығын салуға 80 млн теңге жұмсамақ. Қалашықты кімнің салатыны да мемлекеттік сатып алу туралы конкурста анықталған. «Тапсырыс беруші  – «Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; аты – мұз құрылысын орналастыру/ұстап тұру/пайдалану бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – мұз қалашығын күнделікті ұстап тұру мен орналастыру; жоспарланған жиынтық – Т80 357 142,86», – делінген мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған лоттағы сипаттамада. Өтініштерді қабылдау бір күн ішінде, 19 қараша күні 9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралығында өткен. Конкурс нәтижесінде «New Level» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Компания аталған қызмет түрін 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін орындауы керек.