БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ − АЛАШТАНУШЫ АЛЫП

БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ − АЛАШТАНУШЫ АЛЫП

БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ − АЛАШТАНУШЫ АЛЫП
ашық дереккөзі
 width= Кеше Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан тарихшылары қауымдастығының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаевтың 75 жылдық мерейжасына арналған республикалық  «Б.Қойшыбаев шығармашылығындағы Алаш және тұлғатану мәселелері» атты онлайн конференция өтті. Конференцияны жас алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай жүргізді. Жамбыл атындағы кітапханада өткен конференцияға қатысқан топ құрамында Алаш ардақтылары − Қоңырқұлжа Қожықовтың немересі Сәуле Қожықова, Қошке Кемеңгеровтің немере қарындасы Қарлығаш Кемеңгерова, Бірке (Бірмұхаммед) Айбасовтың немересі Марина Айбасова, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, мерейтой иесінің жұбайы, Баспа және полиграфия ісінің қайраткері Балжан Хабдина, БАҚ өкілдері, кітапхана қызметкерлері болды. Конференция барысында мерейтой иесіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың,  Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың және ҚР Білім және ғылым министрі Асқар Аймағамбетовтың, сондай-ақ Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықовтың, Қазақстан Жазушылар ондағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің құттықтаулары салтанатты түрде табысталды. Жиында конференция қатысушылары − Алаш ардақтыларының ұрпақтары,  профессор Ғарифолла Әнес, онлайн байланыс арқылы Елордадан ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді,  ЕҰУ профессоры Сағымбай Жұмағұл мен ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, Qyr balasy қоғамдық қорының басшысы Заңғар Кәрімхан, Қостанайдан жазушы Ақылбек Шаяхмет, Көкшетаудан Бақыт Смағұл және «Әділет»  қоғамының мүшелері, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген Бейбіт Қойшыбайдың алаштануға қосқан зор үлесі туралы айтып, оның еңбектерінің маңызы жөнінде бағалы пікірлерін білдірді. Жиын соңында Бейбіт Қойшыбай бүгінгі егемен елдің бақыты баянды болуы үшін жастарды тарихпен тәрбиелеу керектігі, сондай-ақ тарих ғылымының өркендеуі үшін қазақ тарихын жазуда әділдік, адалдық ұстанымдарын ту ету қажеттігі жөнінде ойларын айтты. Бейбіт Қойшыбай − 40-тан аса кітаптың авторы. Соның тең жартысы «Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас»,   «Әлихан Бөкейханов», «Бақытжан Қаратаев», «Сұлтанбек Қожанов», «Ұлт театры шаңырағын көтеруші», «Тарих және тұлға», «Алашия» (3 томдық рисәлә), «Ұлттық қозғалыс сарбазы», «Түнектен оралған есімдер» секілді Алаш қайраткерлері жайында жазылған зерттеулер, тарихи танымды туындылар. Олардың бәрі де тарихшы ғалымдар, жалпы қазақ тарихына бейжай қарамайтын оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алған.  width= Биыл да Бейбіт Қойшыбайдың «РухБГ» баспасынан оның сұхбаттары мен ол туралы шығармалардың басын қосқан «Тарту» атты кітап жарық көрсе, мемлекеттік тапсырыс арқылы «Дәуір» ЖШС РПБК-ден «Ұлттық қозғалыс тарихы» (рисәлә) атты кітабы басылып шығып, оқырмандар қолына тиді.  Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ