Жаңалықтар

Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

ашық дереккөзі

Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді, – деп хабарлады primeminister.kz. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.