Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрімен кездесті
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді, – деп хабарлады primeminister.kz. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т.б. мәселелерге ерекше назар аударылды.  width= Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2% – $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр. Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін «Turkistan Textile» қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы «Turkistan» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. А.Мамин А.Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Түркістан Арена» стадионы, Оқушылар сарайы, «Rixos Turkestan» қонақ үйімен, сондай-ақ «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды. Үкімет басшылары Қ.Яссауи кесенесіне, «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.