Елорда дәмханаларының бірінде газ баллоны жарылды: 1 адам қаза тапты

Елорда дәмханаларының бірінде газ баллоны жарылды: 1 адам қаза тапты

Елорда дәмханаларының бірінде газ баллоны жарылды: 1 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. «2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті», – деді Талғат Уәли. Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. «Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапты», – деді ресми өкіл. Қазіргі уақытта оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің, Апаттық медицина орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр.