Жаңалықтар

Астаналық жеңіл көлігімен құлын тасыған (видео)

ашық дереккөзі

Астаналық жеңіл көлігімен құлын тасыған (видео)

Астаналық жеңіл көлігімен құлын тасыған (видео) Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің жеңіл автокөлігімен құлын тасыған. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап жатыр. Видеодан көлік салонында үш ер адамның отырғанын көруге болады. Көліктің артқы орындығында құлын жайғасқан. «Адамдар, қараңдар. Бұл Астана қаласы. Тасымалдың кез келген түрі, қалааралық, ГАЗел-сіз-ақ  төрт түлік малды тасымалдаймыз»,  – дейді көлік жүргізуші. Назар аударыңыз, балағат сөздер!  Елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында видеоны түсірген автор Нұр-сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны екені анықталған және ол ұсталған. «Оның айтуынша, ол құлынды Ақмола облысының бір ауданынан сатып алған. Құлынды сатып алу туралы келісіп қойғандықтан және жануарды алып келуге ақшасын үнемдегісі келгендіктен ол құлынды өзінің ВАЗ-2110 маркалы жеке автокөлігінің салонына салып Қызылсуат ауылына қарай бет алған. Көлік жүргізушінің айтуынша, телефонға түсірген видеоны ол отбасылық чатқа әзіл ретінде жіберген», – деп хабарлайды полиция департаменті. Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғап, материал Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінінің аймақтық инспекциясына жауапкершілікке тарту бойынша жіберілді.