«Вирус әлсіреп келеді». Пандемия қашан аяқталады?

Әлемді әбігер еткен коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын нақты болжаудың өзі қиын. Дегенмен, вирусолог мамандардың күн демей, түн демей бақылап баққан вирусы 2021 жылғы көктемде әлсіреп, күшін жоюы мүмкін.

Мұндай болжамды М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, вирусолог Алексей Аграновский lenta.ru агенттігіне мәлімдеген.

Вирусолог маманның сөзіне сенсек, вирустың әсері өзгеріп, әлсіреп келеді екен. Яғни, көктемге қарай жаппай иммунитет қалыптасуы тиіс, бұған коронавирусқа қарсы вакциналар әсер етуі мүмкін.

Аграновскийдің айтуынша, COVID-19 індетін шала жуылған азық-түліктен гөрі, дүкенге барудан жұқтыру ықтималдылығы жоғары.

Back to top button