Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мамандары 21 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады. Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің алты қаласында – Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай –атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.