Журналист Еуропалық Одақтың құпия видеоконференциясына еш қиындықсыз қосылып алды (видео)

Журналист Еуропалық Одақтың құпия видеоконференциясына еш қиындықсыз қосылып алды (видео)

Журналист Еуропалық Одақтың құпия видеоконференциясына еш қиындықсыз қосылып алды (видео)
ашық дереккөзі
Нидерланд журналисі Даниэль Верлаан елдің Қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасындағы ақпаратты пайдалу арқылы ЕО Қорғаныс министрліктерінің құпия видеоконференциясына қосылып алды. RTL Nieuws тілшісі Верлаан видеоконференцияның үлкен экранының жоғары жағында пайда болып, министрлерге күлімсіреп қарап, қолын бұлғағанын видеодан анық көруге болады. «Сіз құпия конференцияға тап болғаныңызды білесіз бе?», – деп сұрайды журналистен ЕО дипломатиялық басшысы Жозеп Боррель. «Иә, иә. Ыңғайсыз болды. Мен Нидерланд журналисімін. Конференцияны бөлгенімен кешірім сұраймын», – деп жауап береді Верлаан. «Сіз бұл әрекетіңіздің қылмыстық іс екенін білесіз бе? Полиция келгенше конференциядан тезірек шыққаныңыз дұрыс», – деп ескертеді Боррель. RTL Nieuws басылымы құпия видеоконференцияға Нидерланд Қорғаныс министрлігі басшысының Twitter аккаунтындағы алты саннан тұратын PIN-кодтың бес саны сәйкес келген код арқылы кіргенін айтады. Құпия кодтың бес саны белгілі болғандықтан, алтыншысын табу қиын болмаған. Ал Нидерланд Қорғаныс министрлігінің өкілі фотосуретке кіру мекенжайы мен кодтың бір бөлігі кездейсоқ жария болғанын жеткізді. Өз кезегінде Верлаанның конференцияға қосылуы күлкілі жағдай болғанымен, осыған байланысты ЕО кездесулерінің қауіпсіздігіне қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Министрлердің кездесуінде ЕО алдында тұрған қауіптер туралы құпия құжат талқыланған. «Келесі жолы конференциямызды хакер бұзып кіруі мүмкін, сол кезде біз күле алмайтын боламыз», – деді ОЕ ресми өкілі.