Театр тарландарына ескерткіш қойылды

Театр тарландарына ескерткіш қойылды

Театр тарландарына ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Атырау қаласында «Шығармашылық әңгіме» атты мүсіндер композициясы ашылды. Облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының алдында төрт бірдей театр тарланының ескерткіші ашылды. Мүсіндік композиция Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және Хадиша Бөкееваға арналған. Театр Бұл жай ғана сәулет өнерінің үлгісі немесе сәнді-салтанатты нысан емес, бұл – белгі. Атыраулықтардың мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа деген құрметінің белгісі, кез-келген ел үшін руханияттың маңыздылығын меңзейтін өскелең ұрпаққа деген өсиетінің белгісі, – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова. Айта кетсек, «Шығармашылық әңгіме» мүсіндер композициясының  авторы – сәулетші, мүсінші Гүлфия Мелдеш.