650 кг балықты заңсыз аулаған

Балқаш көлінен бір өзі 650 килограмм балық аулаған браконьер ұсталды.

Соңғы бір аптада күзетшілер браконьерлерден 800 килограмнан астам заңсыз ауланған балықты тәркілеген. Құқық қорғаушылар Алматы облысы Үлкен Жамбыл ауданының 36 жастағы тұрғынынан пластик мотор қайық пен бір шақырымға жететін қытайлық ау және 79 килограмм балықты тәркілеп, заңсыз балық аулағаны үшін ісін сотқа жолдады. Сондай-ақ Балқаш ауданының Қарой ауылының 52 жастағы тұрғыны 650 килограмм балықты заңсыз аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Back to top button