Мектеп мұғалімі коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады

Мектеп мұғалімі коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады

Мектеп мұғалімі коронавирустан айыққанын тойлаймын деп айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
COVID-19 індеті халқымыздың шашпатөк мінезін, бей-берекет ысырапшыл әдетін тыйып, жөнсіз той-думанды азайта ма десек, керісінше ел-жұрт қатаң шектеулерге, ескертулер мен айыппұлдарға қарамастан дүркіретіп той жасауды тоқтатар емес. Кейбіреулер тіпті коронавирустан емделіп, аман-есен ауруханадан шыққанын тойлап жатыр. Қостанай облысындағы Байғабыл ауылында жергілікті мектептің мұғалімі көршілері мен туған-туыстарын жинап, дерттен сауығып шыққанын атап өткен. Думанды кештің дүбірі облыстағы мониторингтік топ мүшелерінің құлағына жетіп, қуанышын көрші-көлем, жақындарымен бөлісіп отырған әйел тәртіпті бұзып, талапты орындамағаны үшін 41 670 теңге айыппұл төлейтін болды. Тәртіп бұзу фактісін растау үшін санитарлық дәрігерлер отырыс кезінде түсірілген видеоны жариялады. Қостанай облыстық Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің мәліметіне сенсек, індеттен айыққанын атап өтіп жатқан әйелдің үстінен оның көршілері шағымданған.