Текелі қаласын дамыту үшін 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Текелі қаласын дамыту үшін 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Текелі қаласын дамыту үшін 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
ашық дереккөзі
Алматы облысының Текелі қаласын дамыту мақсатында 4 млрд 821 млн теңге бөлінді. Бұл жөнінде Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Текелі қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков хабарлады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауына сәйкес қабылданған моноқалаларды дамыту бағдарламасына республикамыз бойынша 27 моноқала тізімге енген болатын. Солардың бірі Алматы облысынан орта даму серпінімен Текелі қаласы енгізілді. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихатының шешімімен «Текелі қаласының 2015-2017 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары» бекітіліп, негізгі 3 бағыт айқындалды. 2012 жылдан бастап, моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 48 іс-шара жоспарланып, 26 іс-шарасы жүзеге асырылды. Ал 22 іс- шара жүзеге асыру барысында. Бұл мақсаттарға 4 млрд 821 млн теңге бөлінді.