Қаулыға қол қойды: СҚО-да карантин күшейтілді

СҚО-да карантин күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысының жаңа бас санитар дәрігері Арман Құшбасов карантин шараларын қатаңдату жөніндегі қаулыға қол қойды,-деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл облыста 5 345 адам коронавирус жұқтырған болатын.

Құшбасов өз сөзінде өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге артқанын және соған байланысты бұған дейінгі қаулыға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Азық-түлік дүкендерінде көп адам жиналуын болдырмау үшін дүкендердің жұмыс уақыты кешкі 10-ға дейін ұзартылды. Ал азық-түлік сатпайтын дүкендер дүйсенбі-жұма күндері 08.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері уақытша жабылады. 

Карантин шараларының өзгеруі сауна, фитнес залдар және тауар мен азық-түлікті жеткізу қызметіне байланысты.

Спорт, фитнес, жаттығу залдарына келушілер саны сыйымдылықтың 30 процентінен аспауы керек.

30 адамнан астам қызметкері бар мекеменің 80 проценті, 30 адамнан аз болса, 50 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

Жаңа қаулы 23 қарашада күшіне енеді.

Back to top button