Мысырда «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Мысырда «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды

Мысырда «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылып, Абай Құнанбайұлының араб тіліндегі кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.  width= «Абай және рухани мұра» атты халықаралық кітап көрмесі жиналған көпшіліктің назарына ұсынылып, Каирдегі «Еркіндік және достық» саябағындағы Ұлы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.  width= Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Кенжехан Матыжанов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева және т.б. қазақстандық делегация өкілдері қатысты.