Жаңалықтар

«Мың бала» мәреге жетті

ашық дереккөзі

«Мың бала» мәреге жетті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Журналистер клубының төрағасы М.Бекбаева,  ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.