Жаңалықтар

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін «Абай институты» порталы жұмысын бастады

ашық дереккөзі

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін «Абай институты» порталы жұмысын бастады

Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институты» abai.institute порталын таныстырды. Порталдың ашылуында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба Мемлекет басшысының ұлы Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде мерекелеу туралы арнайы жарлығы - халқымыздың тарихи жады мен рухани өміріне соны серпіліс әкелген тарихи оқиға болғанын атап өтті. «Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан осы бағытта қолға алған шаруаның шоқтығы биігі – осы «Абай институты» ашық білім беру жобасы. Бұл шараның қайнар көзі «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» бастау алады. Қазіргі таңда «Отандастар» қорымен бірлесіп, бес мемлекетте, атап айтқанда Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқыту курстарын бастадық», - деді Әділбек Қаба. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айдос Әбдіхалық портал туралы жан-жақты әңгімелеп берсе, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай іске қосылып жатқан жобадан үлкен үміт күтетінін айтты.