ШҚО қараша соңында "қызыл аймақтан" шығады

ШҚО қараша соңында "қызыл аймақтан" шығады

ШҚО қараша соңында "қызыл аймақтан" шығады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы қараша айының соңына дейін "қызыл аймақтан" шығатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі кезінде аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты. Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін, деп жазады Алтайньюс. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты "қызыл аймақтан" шығару туралы тапсырма берген болатын.
- Жұмыс нәтижесін біздегі ауруханалардағы төсек-орындардың қамтылу деңгейінен-ақ байқауға болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша "Фапиравир" тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін, - деді бұл ретте облыс басшысы Даниал Ахметов.