ШҚО қараша соңында «қызыл аймақтан» шығады

Шығыс Қазақстан облысы қараша айының соңына дейін «қызыл аймақтан» шығатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі кезінде аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.

Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін, деп жазады Алтайньюс.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты «қызыл аймақтан» шығару туралы тапсырма берген болатын.

– Жұмыс нәтижесін біздегі ауруханалардағы төсек-орындардың қамтылу деңгейінен-ақ байқауға болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша «Фапиравир» тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін, – деді бұл ретте облыс басшысы Даниал Ахметов.

Back to top button