«Bala qorǵaý» Telegram-чатына 2 мыңнан астам өтініш келген

«Bala qorǵaý» Telegram-чатына 2 мыңнан астам өтініш келген

«Bala qorǵaý» Telegram-чатына 2 мыңнан астам өтініш келген
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде «Bala qorǵaý» Telegram-чатына жолданған 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды, – деді осы ведомство вице-министрі Бибігүл Асылова. Кәмелетке толмағандарға қатысты балалардың құқығын бұзу, зорлық-зомбылық немесе қатыгез қарым-қатынас фактілерін жедел анықтау мақсатында 2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде «Bala qorǵaý» чаты жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн. «Әрбір жағдай барлық мән-жай анықталып, мәселе толық шешілгенге дейін біздің бақылауымызда болады. Енді қазақстандықтар қажет болып тұрған көмек туралы шұғыл хабарлап, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие», – деп атап өтті Бибігүл Асылова. Осылайша, ҚР БҒМ мамандары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер басшылары, облыстық білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері басшылары, психологтар мен әлеуметтік педагогтер бірлесе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың отбасыларының өтінішін тәулік бойы қабылдайды. Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының ішінде «bala_qorgau» сөзін теру қажет.