Пандемияға қарамастан Мальдив аралдарына саяхаттауға ниеттілер саны күрт артқан
Пандемияға қарамастан Мальдив аралдарына саяхаттауға ниеттілер саны күрт артқан
Air Astana жоғары сұранысқа байланысты ең сыйымды ұшақтарды дайындап жатқанын мәлімдеді.
Авиакомпания Мальдив аралдарына аптасына екі рет: сәрсенбі және сенбі күндері 5 желтоқсаннан бастап тікелей ұшуды бастайды, деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметі.
"Рейстер жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы жоғары сұранысқа байланысты, 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 16 қаңтарға дейін сыйымдылығы үлкен Boeing 767 кең фюзеляжды ұшақпен орындалатын болады", — деп атап өтті баспасөз қызметі.
Билеттер құны эконом класс үшін 292 500 теңгеден, бизнес класс үшін 1 671 200 теңгеден басталады.