Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда карантин қатаңдатылмайды - облыс әкімі мәлімдеді

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстанда карантин қатаңдатылмайды - облыс әкімі мәлімдеді

Шығыс Қазақстандағы карантин шаралары туралы сұрақтарға аймақ әкімі Даниал Ахметов жауап берді. Егер өңірдің барлық тұрғындары, оның ішінде кәсіпкерлер, ірі бизнес өкілдері, басқа да мекемелер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтайтын болса, онда өңір қалыптасқан жағдайды жедел жеңе алады. Шектеу шараларын одан әрі қатайту туралы мәселе Шығыс Қазақстанның барлық халқын толғандырады, - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. - Мен бұдан да қатаң шаралар қолданбайтынымызды атап өткім келеді, біз тек азаматтарды, әсіресе коронавирустың өршуі тіркелген қалалар мен аудандарда тұратындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.