Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды

Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды

Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда пойыз отқа оранды

Қазіргі уақытта магистралды желі бөлімінің комиссиясы тексеріс жұмыстарын бастады.
Әлеуметтік желілерде отқа оранған  видеосы тарап жатыр. Видео Нұр-Сұлтанда түсірілген. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қараша сағат түнгі 3.11-де хабар түскен. Кемеңгерұлы, 9/8 мекенжайында "Ақмола магистралды желі бөлімінің" №18-ші пойызы өртеніп жатқаны айтылған. Төтенше оқиға орнына жеке құрамның 15 қызметкері мен 3 техника жетті. №50 теміржол жолында аумағы 50 шаршы метр болатын қосымша вагон-ресторан жанып жатқаны анықталды. Жалын платформада тұрған №Т-330 тракторының кабинасына ауып кетті. Өрт сағат 04.22-те ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. "Жолдар мен байланыс құралдарына зақым келген жоқ. Пойыздар уақытылы қатынауда", - деді "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта магистралды желі бөлімінің комиссиясы тексеріс жүргізе бастады. Оған астаналық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысады.