Қаулы шықты! Қапшағайдағы казинолар түгел жабылады

Қаулы шықты! Қапшағайдағы казинолар түгел жабылады

Қаулы шықты! Қапшағайдағы казинолар түгел жабылады
ашық дереккөзі
Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес аймақта бұған дейін енгізілген карантиндік шектеулердің мерзімін ұзарту және кейбір нысандарға қатысты талапты күшейту қарастырылған. Бас санитардың жаңа қаулысы бойынша Алматы облысы аумағындағы казино мен басқа да ұтыс ойнатылатын ойынханалардың жұмысына тыйым салынады. Ал қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылса, тамақтану орындарына 7.00-ден  00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Сондай-ақ, монша, сауна, СПА-орталықтардың жұмыс істеуіне де кеңшілік берілді. Олар 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Жаңа қаулы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.