Шұғыл! Аса қауіпті әрі ең қымбат астероид жерге жақындап қалды

Шұғыл! Аса қауіпті әрі ең қымбат астероид жерге жақындап қалды

Шұғыл! Аса қауіпті әрі ең қымбат астероид жерге жақындап қалды
ашық дереккөзі
Көлемі 370-ден 820 м. болатын аса қауіпті астероид жерге жақындап қалды. Бұл туралы NASA-ның жердің айналасындағы нысандарды зерттейтін арнайы орталығы хабарлады. Орталық сайтының жазуынша, 153201 (2000 WO107) астероиды біздің планетамызға 29 қарашада 4 млн км. қашықтыққа дейін жақын келеді екен. Салыстыру үшін айтсақ, ай мен жердің арасындағы қашықтық 384 мың шақырымды құрайды. «Бұл астероидтың қауіптілігі – жер шарының орбитасымен қиылысатынында» дейді ғалымдар. Зерттеулерге сүйенсек, астероидтың құрамында никель, темір мен кобальт бар. Asterank деректер қорының мәліметіне сенсек, астероидтың құрамындағы заттардың құны  $17,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Яғни, адамзат үшін аса қауіптілігін айтпағанда, ең қымбат астероид болып тұр.