Шұғыл! Аса қауіпті әрі ең қымбат астероид жерге жақындап қалды

Көлемі 370-ден 820 м. болатын аса қауіпті астероид жерге жақындап қалды. Бұл туралы NASA-ның жердің айналасындағы нысандарды зерттейтін арнайы орталығы хабарлады.

Орталық сайтының жазуынша, 153201 (2000 WO107) астероиды біздің планетамызға 29 қарашада 4 млн км. қашықтыққа дейін жақын келеді екен. Салыстыру үшін айтсақ, ай мен жердің арасындағы қашықтық 384 мың шақырымды құрайды. «Бұл астероидтың қауіптілігі – жер шарының орбитасымен қиылысатынында» дейді ғалымдар.

Зерттеулерге сүйенсек, астероидтың құрамында никель, темір мен кобальт бар. Asterank деректер қорының мәліметіне сенсек, астероидтың құрамындағы заттардың құны  $17,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Яғни, адамзат үшін аса қауіптілігін айтпағанда, ең қымбат астероид болып тұр.

Back to top button