Қазақ тіліне дубляждалған «Мулан» желтоқсанда көрсетіледі

Қазақ тіліне дубляждалған «Мулан» желтоқсанда көрсетіледі

Қазақ тіліне дубляждалған «Мулан» желтоқсанда көрсетіледі
ашық дереккөзі

Көптен күткен «Мулан» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі премьерасы ағымдағы жылдың 17 желтоқсанына жоспарланған, «Мулан»бұл қазақ тіліне дубляждалған және отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 35-ші фильм.

Фильмдегі рөлдердің бірін қазақстандық каскадер, «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов сомдады. Мамыр айында олкаскадерлік «Оскар» әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ұсынылды, сыйлық иегерлерінің есімдері осы жексенбіде 22 қарашада белгілі болады.  

1998 жылғы мультфильмнің ремейкі әлемдік прокатқа шықты. Онлайн-кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильм ертерек шығады деп жоспарлануда.

Голливуд киностудияларының отбасымен қарауғаарналған фильмдерін мемлекеттік тілге «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясы дубляждайды. «Мулан» фильмінің дубляж демеушісі: «BI Group» компаниясы.

Қазақ тіліндегі трейлер:https://www.youtube.com/watch?v=4b4WBpoMiDY/

«Бір айдан кейін біз дубляждаған 35-шімерейтойлық фильм кинотеатрларда шығады депүміттенеміз. Мемлекет бізді естігендігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттық және әлеуметтікдаму министрлігі әлемге әйгілі студиялардыңконтентін дубляждау мүмкіндігін қарастырып жатқанын біліп, екі рет қуандық. 9 жыл бұрын 2011 жылы біз Disney киностудиясымен ынтымақтастығымызды бастадық. Осы жылдар ішінде біз Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucas FilmsBazelevs және басқалар студиялардың 35 фильміне дубляж жасадық. Жобаның арқасында қазақ тілі Disney студиясының 39-шы тілі және Sony Pictures студиясының 7-ші тілі болды. Дубляж саласының 203 маманы біліктіліктерін арттырды. Жоба ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен белгіленді. Жобаныңбасты құндылығы біздің балаларымыз өздерінің анатілінде ең жақсы шетелдік анимациялық фильмдерді тамашалап, қазақ тілінде таңдай қағып сөйлер, – деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова, – Біз әлемнің жетекші кинокомпанияларымен көпжылдық ынтымақтастық тәжірибемізді мемлекеттік органдармен, республикалық телеарналармен және барлық ниетбілдірушілермен бөлісуге қуаныштымыз әрі дайынбыз».