Еліміздің оңтүстігінде күн суытады

20 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еліміздің оңтүстігінде күн суытады «Қазгидромет» РМК 21-23 қараша күндергі ауа райы болжамын ұсынды. «Бұл күндері Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен болады», – делінген ақпаратта.