Пәтерін жалға беретіндер жаңа жүйе арқылы анықталады

Пәтерін жалға беретіндер жаңа жүйе арқылы анықталады

Пәтерін жалға беретіндер жаңа жүйе арқылы анықталады
ашық дереккөзі
Биыл пәтерді жалға беретін Астанадағы мың жарымдай көлеңкелі кәсіп иесі жазаға тартылды. Түскен пайданың тиісті мөлшерін бюджетке төлемей жүргендерге айыппұл салынды. Нұргүл Түргембаева 3 бөлмелі пәтерін жайлы жиһазымен жалға береді. Сол арқылы ай сайын 100 мың теңге пайда табады. Себебі ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салықтан еш жалтарған емес. Ал тиісті заңды ескермей, мүлігін жалға беріп, бюджетке шығын келтірген пәтер иелері түсімнің 10 пайызын мәжбүрлі түрде бюджетке төлейді. Оған қоса, әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырылады. Пайданың бар болғаны 2 пайызын салық ретінде төлеп, пәтерін Нұргүл секілді заңға сай жалға беретіндер көп емес. Яғни басым бөлігі кәсібін жасырып қалғанды жөн санайды. Жалпы бас қалада 5 мың адам пәтерін заңды түрде жалға береді. Бір ғана, Алматы ауданында осындай 2800 кәсіпкер бар. Бірақ мұнда салық төлеуден жалтарып жүргендер cаны одан 3 есе көп. Жыл басынан бері пәтерін жалға беретін 1425 салық төлеуші анықталған. Оның 615-і салық төлеуші ретінде тіркелді. ООлар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, пайданың тек 2 пайызын ғана төлейді немесе оңайлатылған декларация бойынша 3 пайызы алынады. Егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, жыл бойы табылған табыстың 10 пайызын төлейді. Сондықтан жеке кәсіпкер ретінде тіркелген оңай болады", - дейді Астана қаласы Алматы аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Қанат Балтабеков. Салық органдары пәтердің жалға берілгенін жаңа жүйе бойынша анықтауға кірісті. Тіпті бұл заңдылықты қадағалауға жергілікті полицейлер де тартылды.