Әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 30% артады – Президент

Әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 30% артады – Президент

Әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 30% артады – Президент
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде еліміздің әскери қызметшілеріне берілетін қаржылай төлем 3 жыл ішінде 30 пайызға артатынын айтты. – Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды. Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.