Жамбыл облысында ұрланған 72 бас мал иесіне қайтарылды

«Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасы кезіндегі 3 күн ішінде Жамбыл облыстық полиция қызметкерлерімен мал ұрлығының 16 дерегі ашылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде иелеріне 72 бас мал қайтарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 18 қарашасында полицияға Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының бірі белгісіз тұлғалармен жайылымнан 23 бас ірі қара мал ұрланғаны, шығын көлемі 5 млн теңгедей залал келтіргені туралы хабарласты. Жедел-іздестіру шаралары барысында Байзақ ауданының 43 және 44 жастағы екі тұрғыны анықталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамаққа алынды. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Back to top button