Ұлы Жібек жолы жаһандық сыйлығы берілмек

G-Global аясында алдағы уақытта Ұлы Жібек жолы жаһандық сыйлығы беріледі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық клубтың президенті, «G-Global. XXI ғасырдағы әлем» Халықаралық конгресінің халықаралық хатшылығының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов мәлімдеді.

«Бұл бастама 2019 жылы 40 мемлекеттің көшбасшылары қатысқан Халықаралық форумда қолдау тапты. Сол себепті кешегі қалалар мэрлерінің форумында Ұлы Жібек жолы Жаһандық сыйлығын бекіту жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру бастамасын көтердік. Қала мэрлерінің келесі халықаралық форумына дейін жаһандық сыйлықты табыстау шарасын ұйымдастыру жолында белсенді жұмыс жүргізуге шақырамыз. Ол форум 2021 жылы Бейжіңде өтеді», – деді Мұрат Қарымсақов.

Back to top button