Хабиб ауыл шаруашылығымен айналыспақ

Хабиб ауыл шаруашылығымен айналыспақ

Хабиб ауыл шаруашылығымен айналыспақ
ашық дереккөзі

Хабиб жекпе-жектен қойды артық көрді. Енді ол ауыл шаруашылығымен айналыспақ

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы бес жылда жоғарғы оқу орнында сырттай білім алып, өмірін ауыл шаруашылығына арнамақ. Өзінің бұл жоспары туралы ол дағыстандық Дербентте өткен жастармен кездесу кезінде айтты. 32 жастағы спортшы кәсіби күрескерлер арасында салмақтан тыс рейтингте көшбастағаннан кейін бұрынғыдай қызығушылығы жоқ екенін жасырмады. «Мен қой сатып алып, ауыл шаруашылығымен айналысып жатырмын. Осы бағытта аздап дамығым келеді. Мен тана мен сиыр бар. Қазіргі сәтте үлкен саясаткер болмай-ақ пайда әкеле аламын. Маған осының өзі жеткілікті», – деді Хабиб Нурмагомедов.