Моңғолиядағы «Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың көне аспаптарын насихаттап жүр
Моңғолиядағы «Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың көне аспаптарын насихаттап жүр
Моңғолиядағы «Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың көне аспаптарын қолданып, халыққа насихаттап жүр.
«Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі 2017 жылы құрылған. Туран Ворлд компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы топтың бірнеше шығармасын тыңдап, топ мүшелерімен серіктесе жұмыс жүргізуге ниет білдіріп, 2018 жылдан бері компания жанына алып демеушілік жасап келеді.
«Күлтегін» этно- фольклорлық ансамблінің жетекшісі Еркінбек Мамырханұлы әңгімеге тартып көрген едік.
https://www.youtube.com/watch?v=O_1VbQBs3SE&feature=emb_title&ab_channel=KenjiBey
Топтың жетекшісі «Күлтегін», «Рухты ел» шығармаларынан кейін аудиториялары өсіп, әр түрлі іс-шараларға шақырту алып, туристік компаниялар үшін Баян-Өлгийге келген туристерге тамаша көрініс болғанын айтады.
«Күлтегін» тобы ойнап жүрген «Ер Жәнібек», «Күлтегін», «Мен қазақпын», «Ор теке» шығармаларын Еркінбек Мамырханұлы өзі жазған.
«Күлтегін» тобы күнде дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Алайда осы еңбектің жемісін көріп отырмыз деуге әбден негіз бар.
https://www.youtube.com/watch?v=22Ff8Xiqd20&feature=emb_title&ab_channel=KenjiBey
Өнерге барыңмен берілсең – еңбегің ақталады.
«Күлтегін» тобының Дербес телеарнасы түсірген екі бейнебаяны бар. Топ құрамындағы өнерпаздар – бәрі бесаспап, яғни мультиинструменталистер. Бір шығарма ішінде топ мүшелері бірнеше аспапта ойнайды.
Топта шертер, домбыра, қыл қобыз, жетіген, дабыл аспаптары, сақпан, дарбука, мүйіз сырнай, тұяқ тас, аса таяқ, шаң қобыз, саз сырнай, сыбызғы, ор теке, шіңкілдек, су сылдырғы қатарлы аспаптарды қолданып, насихаттауда.
«Көне өнерді насихаттауға қолдау көрсетемін деген азаматтар болса мархабат.», – деп түйді Еркінбек Мамырханұлы.