Праймериз жеңімпаздары Жезқазған және Қарағанды тұрғындарына көмектеседі

Праймериз жеңімпаздары Жезқазған және Қарағанды тұрғындарына көмектеседі

Праймериз жеңімпаздары Жезқазған және Қарағанды тұрғындарына көмектеседі
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында «Nur Otan» партиясының өңірлік праймериздерінің жеңімпаздары тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі. Жезқазған қаласында Мир даңғылы бойындағы №1 үйдің тұрғындары әбден тозығы жеткен үйде тұрудан шаршаған. Олар өздері тұратын үйді апатты деп тануды сұрайды. Бұл мәселе туралы хабардар бола салысымен «Nur Otan» праймеризінің қатысушылары оны жедел қолға алды. «Nur Otan»  атынан сайланған Мәжілістің қызметтегі депутаты, алдағы парламенттік сайлауға партиялық тізімге кандидат Гүлнар Бижанова партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп онлайн-отырыс өткізді. «Қала әкімдігіне 25 қарашаға дейін үйдің тұрғындар тұруы үшін жарамдылығына техникалық сараптама жүргізу ұсынылады. Егер үй апатты деп танылса, тұрғындарды басқа жаққа қоныстандыру мәселесін ойластыру керек», - деді Гүлнар Бижанова. Ал Қарағандыда Шахтерлер даңғылындағы №60 үйдің тұрғындары балалар алаңының жоқтығына шағымданған. Сонымен қатар, аулаға өту жолының жоқтығынан мұнда көліктер, оның ішінде жедел қызметтердің өтуіне қиындық тудырады. «Мұндайға жол берілмеуі керек. Өйткені шартты түрде айтқанда, жедел жәрдем көлігі науқас адамға уақытында жете алмайды немесе өрт шыға қалған жағдайда өрт сөндіру көлігі үйге жақын келе алмайды», - деді Қарағанды қаласынан партиялық тізімге кандидат Юлия Бадина. «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының шешімімен Қазыбек би ауданының әкімдігіне 10 желтоқсанға дейін тұрғындар жиынын ұйымдастыру және оларға балалар алаңының эскизін ұсыну және жобада көлік өтетін орынды қарастыру және ауланы қосымша жарықтандыру ұсынылды. Аталған екі мәселе де «Nur Otan» партиясының бақылауында.