COVID-19: Ресейде індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

COVID-19: Ресейде індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

COVID-19: Ресейде індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді
ашық дереккөзі
Ресейде бір тәулік ішінде 23 610 адамнан коронавирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ТАСС.  Елдегі коронавирусқа күрес жөніндегі жедел штаб дерегіннше, Ресейде індетке шалдыққандардың жалпы саны 2 015 608-ге жеткен. Вирус жұқтырудың тәуліктің өсімі 1,2%-ды құрады. Оның ішінде Мәскеуде бір тәулік ішінде 6 438 тұрғын (бір күн бұрын 4 174 еді) коронавирусқа шалдыққан. Жалпы астанада пандемия басталғалы 533 068 адам індет жұқтырды. Коронавирустан емделіп шыққан тұрғындар саны да айтарлықтай өскен. Мәселен, өткен тәулікте 25 573 адам сауығып, вирусты жеңгендердің жалпы саны 1 526 656 адамға жетті. Штаб мәліметі бойынша, жазылғандар жалпы инфекцияға шалдыққандардың 75,7%-ын құрайды. Өлім көрсеткішіне келсек, бір тәулікте 463 адам көз жұмған. Осылайша елде індеттен қайтыс болғандардың жалпы саны 34 850-ге жетіп отыр.