Дисплейі ең мықты смартфон анықталды

Дисплейі ең мықты смартфон анықталды

Дисплейі ең мықты смартфон анықталды
ашық дереккөзі
Apple компаниясының жаңа өнімі —  iPhone 12 смартфонының экраны нарықтағы ең үздік дисплей деп танылды. DisplayMate зерттеу компаниясының сайтында жарияланған есепте айтылған, деп хабарлайды Lenta.ru Зерттеу компаниясының мамандары Apple флагманының экранын кезекті рет смартфондарға арналған ең үздік дисплейлер рейтингінің көшбасшысы атанғанын айтты. 2019 және 2018 жылдары да Apple компаниясы смартфондарының дисплейі үздік деп танылған еді. Атап айтқанда, өткен жылы 11 Pro Max-тың, ал 2018 жылы iPhone XS Max -тың экраны мықтылығын дәлелдеген. Ал жуырда өткен сынақ нәтижелері бойынша iPhone 12 смартфонының экраны 11 сапа рекордын орнатты. Оның ішінде «Ең жоғары абсолютті түстер дәлдігі», «Ең жоғары контраст коэффициенті» категориялары бар. Сынақ қорытындысына сәйкес iPhone 12 Pro Max дисплейі ең жоғары A+ бағасын және әлемдегі ең үздік смартфон экраны мәртебесін алды. Еске сала кетейік, Apple iPhone іске қосылғаннан 13 жыл ішінде 1 млрд құрылғы сатып,  әлемдік рекорд орнатқан еді. Нарықта смартфон өндірушілердің және өнім түрлерінің көбейгеніне қарамастан, iPhone — әлем бойынша сатылымы ең жоғары смартфон. Десе де, жуырда сарапшылар жаңа iPhone 12-нің елеулі кемшілігі бар екенін анықтады. Engadget порталы мамандарының айтуынша, iPhone 12 Pro-ның қуаты тез таусылады, әсіресе 5G желісіне қосылғанда аккумуляторы шыдас бермейді. Экраны қосулы тұрған смартфонның қуаты 2,5 сағат қолданыстан кейін 18 пайызға дейін төмендеген.