Түркия түрмеде орын болмағандықтан 38 мың адамды босатпақ
Түркия түрмеде орын болмағандықтан 38 мың адамды босатпақ
Түркия билігі 38 мың тұтқынды абақтыдан босатпақ. Бұл туралы елдің әділет министрі Бекир Боздаг Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. Боздагтың айтуынша, Түркия үкіметінің жарлығы, сотталушылар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын (алайда құзырлы органның қадағалауында болады) заң шығып қойған. Мұндай шаралар мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне байланысты сотталғандар саны көбейіп, түрмелер толып кеткендіктен жасалған.
Осыған дейін, Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін екі жарлық шығарғаны хабарланған. Онда екі мыңнан аса полицей мен жүз шақты әскери адам және ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басшыларын жұмыстан шығарылуы тиіс екендігі жазылған, сонымен қатар байланыс және телекоммуникация басқармасының жойылатыны және президент Режеп Тайип Ердоғанның ел қарулы күштерінің қолбасшысы болып сайланғаны хабарланған.
Түркиядағы 16 шілдедед сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен кейін, елдің бірқатар азаматтары қылмыстық жауапқа тартылып, бас бостандығынан айрылған болатын. Түрмелерде орын болмауының бір себебі осы. Сәтсіз төңкерісті ұйымдастыруға қатысты деген айыппен - мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, әсерилер, ғалымдар мен медицина қызметкерлері де жазаға тартылды. Жуырда Түркияның әлемге танымал футбол ойыншысы Хакан Шүкірге де осындай айып тағылған болатын. Түркия құқық қорғау органдары депутат болған экс-футболистке АҚШ-тағы Фетуллах Гүленмен байланысы бар деген айып тағуда.