Биыл CҚО-да 125 көпбалалы отбасы қоныстой тойлайды
Биыл CҚО-да 125 көпбалалы отбасы қоныстой тойлайды
Петропавлда тұрғын үйге әкімдік кезегінде тұрған 186 отбасы баспаналы болды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл тұрғын үй құрылысына бюджеттен ғана 18 млрд теңге бөлінді, бұл – былтырғымен салыстырғанда ол 1,5 есе көп. Нәтижесінде 300 мың шаршы метр – 3 мың пәтер беріліп, 11 мың солтүстікқазақстандық жыл соңына дейін баспаналы болады. Оның 625-і әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға, соның ішінде 125-і – көпбалалы отбасыларға берілді.
Бүгін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы 2-Первомай көшесінде құрылысы аяқталған көпқабатты үйлерге барып, пәтер иелерімен кездесті.
«Осы Первомай көшесінде былтыр ғана екі қабатты апаттық жағдайдағы 4 үйде 32 отбасы тұрды. Олардың барлығының жағдайын жасап, жаңа үй беріп, оның орнына 186 пәтері бар екі 5 қабатты үй тұрғызып, табыстадық. Пәтерлер тұрғын үйге әкімдік кезегінде тұрған отбасыларға берілді. Олардың ішінде көпбалалы аналар, мүгедектер, Ауған соғысының ардагерлері, толық емес отбасылар және жетім балалар бар», - деді Құмар Ақсақалов.
Петропавлда ескі үйлерді сүру жұмыстары жалғасады. Соңғы үш жылда 1 мыңнан астам баспана сырылып, оның орнына жаңа үйлер салынды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғаспақ.
«Келесі жылы Петропавлда баспанаға кезекте тұрғандарға 556 пәтері бар 5 үй тапсырылады. Оның 130-ын көпбалалы аналар алады. Бұл жұмыс облыс орталығында ғана емес, 5 ауданда да атқарылып жатыр. Осылайша Новоишимка, Явленка, Сергеевка, Бескөл мен Булаевта 7 үй тұрғызылды», - дейді өңір басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, Н.Назарбаев және Уәлиханов көшелерінің арасында ескі үйлер өте көп. Қаланың көркін қашырған ол үйлердің барлығы бұзылып алынбақ. Орнына үлкен спорт сарайын және үлкен саябақ салу жоспарланған.
«Бұл ықшамаудан келешекте танымастай өзгереді. Уәлиханов көшесін кеңейтеміз. Күн жылынысымен-ақ бұл жұмыстар қолға алынады. Қазір көше бойына көпқабатты үйлер салынып жатыр», - дейді Құмар Ақсақалов.