Жаңалықтар

АҚШ-тың денсаулық cақтау министрлігі Байденмен жұмыс істеуден бас тартты

ашық дереккөзі

АҚШ-тың денсаулық cақтау министрлігі Байденмен жұмыс істеуден бас тартты

АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігі президент сайлауының ресми қорытындысы жарияланғанша Джо Байденмен жұмыс істеуден бас тартады. Бұл туралы Алекс Азарға сілтеме жасап CNN хабарлады.  — АҚШ-тың Жалпы қызметтер әкімшілігі ( GSA ) кім жеңгенін жариялағаннан кейін жаңа президентпен бірлесе жұмыс істеуге көшеміз. Біз басқару принциптеріне сүйенеміз, — деді Азар. Десе де, әкімшілік басшысы Эмили Мерфи Джо Байденнің жеңісін мойындаудан бас тартып, орныққан заңдылықтарды өрескел бұзуда. АҚШ-та билікті өткізу келесі аптада басталады деп күтілуде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Байден бүкіл АҚШ аумағында маскалық режим енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлағанбыз.